«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жұмысына бір жыл

2019 жылы Ұлыбританияның Азаматтық авиация агенттігі (UK CAA) және Ұшуқауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық авиациялық агенттікпен (EASA) моделіне негізделген азаматтық авиация саласын мемлекеттік реттеудің жаңа тәсілі іске қосылды. Саланы басқаруды және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді трансформациялау Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Ұлт жоспарының 68-қадамы аясында іске асырылуда.

Президент Әкімшілігі, Үкімет, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Азаматтық авиация комитеті бірнеше жыл ішінде қолданыстағы заңнаманы өзгерту бойыншаүлкен жұмыс жүргізді.  Қазақстанның мемлекеттік реттеу жүйесінде алғаш рет британдық модельге негізделген ұшу қауіпсіздігін басқарудың еуропалық тәсілі енгізілді.  Азаматтық авиацияның негізгі заңына және 61 заң актілеріне тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл ең заманауи стандарттарды енгізуге, саладағы сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді.

Осы жұмыстың нәтижесінде 2019 жылдың 1 тамызында ТМД елдерінде алғаш рет азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі саласындағы авиациялық техникалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ салалық реттеушісі құрылды.  ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігініңжұмысын ИКАО және Еуропалық комиссия посткеңестік кеңістіктегі ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттырудағы үлкен қадам ретінде жоғары бағалады.

Бүгінгі күні Қазақстанда тұрақты және тұрақты емес рейстерді, жүк рейстерін, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын, шағын авиация және жалпы мақсаттағы  авиация пайданушыларын қоса алғанда 60 әуе компания тіркелген.  Жыл ішінде әуе компанияларға 84 инспекциялық тексеру және 4 сертификаттау жүргізілді. Қазақстанда тіркелген әуе кемелерінің жалпы саны – 788. Әуе кемелеріне 280 инспекциялық тексеру жүргізілді.  Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы 84 куәлік, 146 ұшуға жарамдылығы сертификаты, 18 азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат берілді. Қазақстанда сертификатталған 24 әуежай бар, оның ішінде 17 халықаралық және 7 ішкі әуежай, сондай-ақ 6 сертификатталатын тікұшақ айлағы жұмыс істейді. Авиация әкімшілігімен 11 әуежай және 4 тікұшақ айлағы сертификатталды, 13 инспекциялық тексеру жүргізілді.

Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі«Bek air» АҚ қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттары және әуе компанияның пайдаланушы сертификаты кері қайтарылды. Сонымен қатар, қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру мақсатында Қазақстанның барлық әуекомпаниялары мен авиациялық инфрақұрылым объектілерінің қызметіне жоспардан тыс тексерулер аяқталды.  Тексерулер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарын орындамауына байланысты «Azee Air» ЖШС және «Sigma Airlines» ЖШС әуе компанияларының пайдаланушы сертификаттарыуақытша тоқтатылды.

2020 жылы авиация саласына коронавирустық пандемия айтарлықтай әсер етті. Авиацияәкімшілігі пандемия салдарын азайту және Қазақстанның азаматтық авиация саласын қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылдау бойынша жұмыстар жүргізуде.  Авиация саласының субъектілері үшін ұсыныстар және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау тәсілдері әзірленді.  Төтенше жағдай кезінде жарамдылық мерзімі өткен сертификаттар мен куәліктердің, рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімі ұзартылуда.  Уақытша процедуралар ұшу қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, бұл әуе компаниялардың ҚР заңнамасының қолданыстағы талаптарын сақтауына қашықтықтан бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ИКАО және ДДСҰ сарапшыларымен әуе көлігіарқылы аурудың таралуы мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуде.  Осы жұмыстың нәтижесінде Қазақстанға Азаматтық авиациядағы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы оқиғалардың алдын-алу және оны басқару жөніндегі ынтымақтастық келісімге (CAPSCA) қосылу ұсынылды. Сондай-ақ, Қазақстан Халықаралық авиация үшін көміртегі шығарындыларын өтеу және азайту жүйесінің (CORSIA) ерікті мүшесі болды.

2019 жылғы желтоқсанда Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің негізінде ақуалдықорталық жоспарлы түрде жұмыс істей бастады, «Bek air» АҚ әуе компаниясының жолаушыларына кеңес беру мәселелері бойынша 600-ден астам қоңырау түсті. Төтенше жағдай кезінде орталық жұмысы Қазақстанның тұрақты және тұрақты емес әуе қатынасы бар елдердегі коронавирус бойынша жағдайды бақылауға бағытталды. Жолаушылар үшін тоқтатылған және шектеулі тұрақты бағыттар бойынша кеңес алу үшін 1900-ге жуық қоңыраулар қабылданды.

Питер Гриффитс, ҚАӘ бас директоры: «Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің міндеті – Президенттің көзқарасына сәйкес елдегі авиациялық реттеуді өзгерту.  Бұл үлкен міндет, трансформацияның ең жақсы құралдарын қажет ететін жоба».

Бүгінгі күні Халықаралық азаматтық авиация агенттігі мен (CAAi) Авиациялықәкімшілік арасындағы азаматтық авиацияны реттеудің британдық моделіне көшу бойынша техникалық қолдау көрсету туралы келісімнің бірінші кезеңі аяқталды.  Соңғы тоғыз ай ішіндеCAAi сарапшылары Қазақстанның авиациялық заңнамасына талдау жасап, EASA/ЕО ережелерін одан әрі Қазақстанның нормативтік актілеріне енгізу және оларды UK CAAмоделімен сәйкестендірудің үздік әдістерін ұсынды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі авиациялық индустрияда сандық реттеу жүйесін құру жұмыстарын жүргізуде, бұл ақпаратты жедел тексеру, келісулерді жеделдету және заңсыз немесе жалған ақпарат беруге арналған әрекеттерді тоқтату үшін үлкен деректер әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Чикаго конвенциясының 83bis бабына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қадағалау және бақылау жөніндегі ынтымақтастық туралы бірқатар елдермен келісімдерге қол қойды, бұл пайдаланушылар мен лизингтік компанияларға әуе кемелерін тіркеу үшін таңдау құқығын береді. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе компания және әуежай өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізеді. Ағымдағы жылдың ақпан айында Алматыда сала субъектілерімен ұшу қауіпсіздігінің қажетті деңгейіне қол жеткізуге ықпал ететін шағын авиация мәселелері бойынша ауқымды кездесу өтті.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев:  «Авиациялық әкімшіліктің қызметі Қазақстандағы азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.   Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті реттеудің ең заманауи тәсілдері енгізілді. Бұл отандық және шетелдік білікті мамандарды тартуға, жаңа стандарттарды орнатуға және ұшу қауіпсіздігін қадағалауды күшейтуге мүмкіндік берді».

Маусымда Еуропалық комиссия Еуропалық одақ елдеріне ұшуға тыйым салынған әуе компаниялардың жаңартылған тізімін жариялады («қара тізім»).  Ұшу қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы туралы Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұсынған зерделенген ақпараттың негізінде комиссия қазақстандық әуе тасымалдаушыларды осы тізімге енгізу үшін негіз жоқ деп шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Авиация әкімшілігі Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру және АҚШ-қа ұшу үшін Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) 1 санатын алу үшін Еуропалық комиссиямен және EASA бірлескен жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов: «Қазақстанның авиация саласы өзгеруде, біздің мақсатымыз – Орталық Азияда орналасқан, халықтың барлық заңды қажеттіліктеріне қызмет көрсететін тиімділігі жоғары сала. Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» 68-қадамын іске асыруды жалғастыруы қажет».

Бөлiciңiз: