Қазақстанның авиациялық әкімшілігі “e-Freight” жүйесін енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде “e – Freight” Қазақстан көлігін цифрландыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің алғашқы жобасы мәселелері бойынша вебинар өтті. Е-Freight ақпараттық жүйесі қазіргі уақытта бар қағаз құжаттарды әуе көлігімен жүктерді тасымалдауды дайындау, ресімдеу және орындау кезінде тиісті электрондық құжаттар мен хабарламаларға ауыстыруға арналған. Жобаны іске асыру жүк әуе тасымалдары бойынша құжаттаманы ресімдеу тиімділігін арттыруға, жүк операцияларын өңдеу мерзімдерін қысқартуға және жүк әуетасымалдары мен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Кеңеске ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері, қазақстандық әуежайлардың тасымалдау және авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары, “Air Astana”, “Scat” әуе компанияларының өкілдері, сондай-ақ “TransInfoTech” ЖШС жобасының жеке серіктесі қатысты.
Вебинарда өткен жылдың қорытындысы шығарылды. Осылайша, 2020 жылы жүйеде 84738 электрондық авиажүктің жөнелтпе құжаттары өңделді, 17 әуе компания мен 15 әуежай қосылды, жүйенің жаңа функционалын қосу және қолданыстағы функционалын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің “Agriculture” ақпараттық жүйесімен интеграциялау бойынша жұмыстар аяқталуда, бұл қарапайым жүктер үшін ішкі тасымалдау бойынша қағаз авиажүктің жөнелтпе құжатынан бас тартуға, санитариялық-карантиндік қызметтерден электрондық рұқсаттар, электрондық карантиндік анықтамалар (сертификаттар) алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әуе компаниялардың қағаз тасымалдаудан бас тарту мүмкіндігімен халықаралық жүк тасымалдары бойынша электрондық авиажүктің жөнелтпе құжатын енгізу үшін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің “Астана-1” ақпараттық жүйесімен интеграцияның 1-кезеңі аяқталды.
Жобаның барлық қатысушылары оны алға жылжыту үшін көп күш жұмсайды. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті ҚР қолданыстағы заңдарына сәйкес, сондай-ақ ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын ескере отырып, құжаттар мен процестерді электрондық форматқа көшіруге қолайлы жағдай жасау үшін заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Авиациялық әкімшілігі тарапынан тұрақты негізде “e-Freight” ақпараттық жүйесіне қатысушылардың жұмысына мониторинг жүзеге асырылады. Әуе компаниялар мен әуежайлар тәжірибелерімен бөліп, өз ескертулерін, ұсыныстарын және жұмыстағы қателіктер мен кемшіліктерді жою бойынша міндеттерді бірлесіп шешуде.
“TransInfoTech” ЖШС өкілдерімен бірге e-Freight жобасын іске асыру барысы туралы бірқатар мәселелер қаралды. Вебинар қорытындысы бойынша вебинар қатысушылары “e-Freight” жобасын толық енгізу үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша бірлескен өзара іс-қимылмен одан әрі жұмыс істеу үшін міндеттер қойды.
2021 жылға “e-Freight” ақпараттық жүйесін дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды. Атап айтқанда, 2021 жылғы 1-тоқсанда Ауыл шаруашылығы министрлігінің “Agriculture” ақпараттық жүйесімен интеграцияны аяқтау және ішкі жүк-әуетасымалдары бойынша қағаздардан электрондық жүк құжаттарға көшу, әуе компаниялардың қағаздардан бас тарту мүмкіндігімен халықаралық жүк тасымалдары бойынша электрондық авиажүктің жөнелтпе құжатын енгізу үшін “Астана-1” Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесімен интеграцияның 2-ші кезеңін аяқтау, бірқатар негізгі функцияларды енгізу және жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту үшін бірнеше модуль қосу.

 

 

Бөлiciңiз: