Қазақстанның авиациялық әкімшілігі пандемия салдарын барынша азайту және азаматтық авиация саласын қалпына келтіруге дайындау үшін тиісті шаралар қабылдау бойынша жұмысты жалғастыруда

Бүгін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде сала субъектілері үшін Қазақстандағы әуежайлардың қызметін қалпына келтіру шаралары бойынша екінші вебинар өтті. Вебинарға әуежайлардың 176 өкілі қатысты. Шектеу шаралары кезеңінде авиациялық қауіпсіздік саласындағы әрекеттер, атап айтқанда рұқсат беру құжаттарын уақытша ұзарту, сондай-ақ әуежайлардың стандартты қызметке кезең-кезеңімен ауысуы қарастырылады. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттардың;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі персоналға жұмысқа рұқсат беру туралы сертификаттардың;
экипаж мүшелерінің куәліктері жарамдылық мерзімі 90 күнге дейін ұзартылады. Процедуралар avsec@caakz.com электрондық мекен-жайы арқылы жүзеге асырылады.
Әуежай басшыларына өткізу пункттеріндегі жұмысты ұйымдастыру, жолаушылар мен персоналды тексеру, авиациялық қауіпсіздік қызметінің жеке қорғаныс заттарының болуы туралы нақты ұсыныстар берілді.
Халықаралық тәжірибе мен халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын ескере отырып, әуежайларда “Physical Distance” (физикалық қашықтықты) сақтау шаралары талқыланды. Жолаушылар терминалында әлеуметтік қашықтықты сақтау ұсынылады: жолаушыларға арналған орындарға жапсырмалар, еден үсті шектеу жолақтарын салу және т. б.
Сондай-ақ жолаушылар терминалындағы адамдардың санын шектеу шаралары (тек жолаушылар), қарбалас сәттерде жолаушылардың жиналуын болдырмау үшін слоттарды бөлу, халықаралық рейстерге тіркеуді жөнелту уақытынан 3,5 сағат бұрын, ішкі рейстерге тіркеуді 2 сағат бұрын бастап, тіркеуді жөнелту уақытына 50 минут қалғанда аяқтау мәселелері талқыланды.
Қазақстанның барлық әуежайларында күшейтілген дезинфекция режимі енгізілді, күту залдарын, дәретхана бөлмелерін, түймелер мен тұтқаларды тазарту және дезинфекциялау жиілігі ұлғайтылды.
Жалпы, әуежайлардың қызметін қалпына келтірудің басталуы мемлекеттік комиссияның бас санитарлық дәрігердің шешімі негізінде қабылданатын шешіміне байланысты болады.

Бөлiciңiз: