Үргенішке жаңа халықаралық рейстің ашылуы туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 2 наурыздағы шешіміне сәйкес аптасына 2 рейс жиілігімен Ақтау – Үргеніш – Ақтау бағыты бойынша жаңа халықаралық тұрақты рейстің ашылуына рұқсат етілді.

2021 жылдың 8 наурызынан бастап “SCAT” әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рет жиілікпен рейстерді орындауды бастайды. Рейстер Б-737 типті әуе кемесінде дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындалатын болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Бөлiciңiз: