Ұшқыштар мен құтқарушылар төтенше жағдайларды жою бойынша өрт-құтқару тактикалық оқу-жаттығу өткізді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының аймағында ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ АМТ МИ-8 ӘК кезекші экипажының және астаналық ТЖД құтқарушыларының төтенше жағдайларды жою бойынша бірлескен іс-қимылдарын пысықтау бойынша өрт-құтқару тактикалық сабағы өткізілді.
Оқу-жаттығу ұшу құрамын басқару органдарымен, құтқару бөлімшелерінің күштерімен және құралдарымен бірлесіп төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындауды жетілдіру үшін өткізілді.
Питер Гриффитс атап өткендей, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі авиация саласын реттеуші ретінде Қазавиақұтқарудың төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру мен бағалауды жүргізеді. Оның шеңберінде ТЖ жағдайларына ден қою кезінде жабдықтарды, ұшу құрамын, дайындау және пысықтау процестерін тексеру жүзеге асырылатын болады».
Жаттығу кезінде сыйымдылығы 3 мың литр су ағызу құрылғысы бар тікұшақпен өртті сөндіру шаралары орындалды, сонымен қатар тікұшақ құралдарымен іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді, шұғыл көмек көрсету үшін құтқару тобы шығарылды, ауыр науқас тікұшақпен жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді.
Құтқару авиациясының ұшу экипаждары осындай жаттығулары тұрақты негізде өтеді. Бұл ретте ұшу құрамы мен құтқарушылар өз шеберліктерін үнемі жетілдіріп отырады, парашютсіз тікұшақтан десанттау техникасын шыңдайды, өз біліктілігін растай отырып, түсіру құрылғыларының жұмыс принципін зерделейді. Ұшу экипаждары мен құтқарушылардың дағдыларын таулы жерлерде зардап шеккендерді іздеу кезінде су тасқыны аймағынан іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде бірнеше рет қолдануға тура келді.

Бөлiciңiз: