№ 406 Авиажөндеу зауыты Ан-2 шағын авиациясының әуе кемелерін жаңартады

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері шағын авиацияның әуе кемелерін күрделі жөндеумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысатын «№ 406 Авиажөндеу зауытында» болды. 

Кәсіпорын жақсы жөндеу-техникалық базаға ие және Орталық Азия аймағында жетекші лицензияландырылып, сертифакаттандырылған ірі авиажөндеу кәсіпорны болып табылады. Қазіргі уақытта зауыт Ан-2T, Ан-2П, Ан-2ТПС, Ан-2с/х ұшақтарының, Ми-2 тікұшақтарының, ГТД-350, АШ-62ИР қозғалтқыштарының, ВР-2 бас редукторының және АВ-2 әуе винттерінің күрделі жөндеуі мен техникалық қызмет көрсетуі, жабдықтау және жетілдіріп-жаңарту, құрамдас бөліктерін жөндеуді жүзеге асырады. 

Цехтарды тексеру барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшысы Питер Гриффитс жоғары техникалық мүмкіндіктерді, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша авиажөндеу өндірісінің өндірістік қуаттылығын атап өтті.

Кәсіпорын басшылығымен кездесуде авиация саласының басқа субъектілерімен ынтымақтастық перспективалары, Ақтөбе қаласындағы авиациялық техникалық орталық базасында Ан-2 ұшақтарына техникалық қызмет көрсетуді жолға қою мәселелері талқыланды.

Бүгінгі күні Қазақстанда Ан-2 ұшығының 320 бірлігі тіркелген, оның 213-інде ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификаты бар. Ұшақтардың орташа жасы 41де.

Қазақстанда бұл типтегі әуе кемелер іздестіру-құтқару, авиахимиялық жұмыстарда, ауыл және орман шаруашылығында, геологиялық барлау, аэрофототүсірілімде, жету қиын аудандарда медициналық көмек көрсету үшін қолданылады.  

Қазақстандағы Ан-2 ең ірі пайдаланушылары – “АвиаЖайнар”, “AIR FLAMINGO”, “Феникс”, “Навигатор”, “Орлан-2000” әуе компаниялары болып табылады. 

Ан-2 елдің қажеттіліктерін орындау үшін мінсіз техникалық сипаттамаларға ие. Сондықтан осы типтегі әуе кемелерінің паркін жаңарту мәселесі өте өткір. № 406 авиажөндеу зауытында Ан-2 толық күрделі жөндеуден кейінгі құны 34 миллион теңгені құрайды.

Анықтама: Ан-2 көпмақсатты ұшағын Антоновтың конструкторлық бюросы 1940 жылдардың соңында әзірледі. Бұл тірек қанаты бар, поршеньді бір қозғалтқышты биплан. Алғашқы сериялық ұшақ 1949 жылы аспанға көтерілді. 17 елде әлі күнге дейін қолданылады. Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі 70 жылдан астам уақыт бойы шығарылған жалғыз ұшақ ретінде енгізілген. Крейсерлік жылдамдығы – 185 км/сағ; ұшу қашықтығы – 2000 км; сыйымдылығы және жүк көтергіштігі – 12 жолаушы немесе 1300 кг жүк.

Бөлiciңiз: