Азаматтық ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану тәртібі

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғалар үшін дрондарды сатып алу мен пайдалануға шектеу белгіленбеген.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуы және пайдалану шарттары «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңымен (31, 33 және 45-баптар) (бұдан әрі – ӘКП туралы заң), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану ережелерінің 5-тарауымен (бұдан әрі – ӘКП туралы ережелер) белгіленеді.

Жер үсті жабдығы бар заманауи пилотсыз ұшу аппараттары функционалды интеграцияланған, автоматтандырылған пилотсыз авиациялық жүйені білдіреді, оны қолданудың көбірек салалары табылуда. Мұндай жүйелер авиациялық жұмыстардың белгілі бір түрлерін орындау үшін жасалады.

Қазіргі уақытта ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған авиациялық жұмыстардың негізгі түрлері:

– әуедегі түсірілімдер мен бақылаулар;

– әуедегі геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар;

– авиациялық химиялық жұмыстар;

– жүктерді әуе көлігімен тасымалдау.

Ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшуын мемлекеттік органдармен келісу қажеттілігі ұшу аймағына байланысты және Әуе кеңістігін пайдалану туралы ережелермен анықталады.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнама тек ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейді.  Ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдану арқылы фото және бейне түсіру жұмыстарын жүргізу, жеке деректерді, коммерциялық және өзге де құпияларды қорғауға қатысты мәселелер басқа заңдардың тиісті нормаларымен реттеледі.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының жіктемесіне сәйкес, ұшқышсыз ұшу аппараттары әуе кемелері болып табылады және әуе қозғалысының толық қатысушылары.

ӘКП туралы Заңның 33-бабының 1-тармағына сәйкес, ұшқышсыз ұшу аппараттын қолдану Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану ережелерінде және ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану құжаттамасында белгіленген шарттар сақталған кезде адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, мүлікке зақым келтіру (зақымдау), басқа әуе кемелеріне қауіп төндіру қауіпті барынша азайтуға тиіс.

ӘКП туралы ережесінің 82-5-тармағына сәйкес, пилотсыз ұшу аппараты:

      1) ұшу және қону уақытында – кезкелген адамнан (пилотсыз ұшу аппаратын басқаратын адамды қоспағанда), басқа көлік құралынан, ғимараттан немесе құрылыстан көлденеңінен 50 метр жақындықта;

      2) ұшу барысында – кезкелген адамнан (пилотсыз ұшу аппаратын басқаратын адамды қоспағанда), басқа да көлік құралынан, ғимараттан немесе құрылыстан көлденеңінен 100 метр жақындықта;

      3) көпшілік адамдар тобынан және (немесе) көлік құралдарынан көлденеңінен 150 метр жақын барлық жағдайда;

      4) ұшуға тыйым салынған және қауіпті аймақтарда, ұшуға шектеу қойылған аймақтарда (осындай аймақтарды белгілейтін мүдделі тұлғалардың ұшуын қоспағанда) пайдаланылмауы тиіс.

Ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдануға байланысты қылмыстардың жолын кесу мәселелері құқық қорғау органдарының құзыретіне кіреді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне, оның аумағындағы адамдардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне, оның стратегиялық және қорғаныс объектiлеріне қатер төнген жағдайларда бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдануды (оның ішінде  және ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдану) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері (бұдан әрі – Қарулы Күштер), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік күзет қызметі), Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі – ішкі істер органдары) жүзеге асырады.

Азаматтық ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану тәртібі ӘКП туралы Заңмен және ӘКП туралы Ережелермен реттеледі.

Белгіленген ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалады.  Мысалы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 563-бабында қызметті жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жаза қолдану қарастырылған (атап айтқанда, әуе кемелерінің және басқа да ұшу аппараттарының ұшуын, атыстың барлық түрлері, зымырандарды ұшырулар, жарылыс жұмыстары және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі материалдық объектілердің қозғалысына байланысты басқа да іс-шаралар), ұшу жоспарын ұсынбай (бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу кезінде) және (немесе) ұшуды орындауға рұқсатсыз және (немесе) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызметті рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін.

2020 жылғы маусымдағы жағдай бойынша 277 ұшқышсыз ұшу аппараттары тіркелген.

Бөлiciңiз: