Азаматтық авиация саласының өкілдері авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелерін қарастырды

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-да әуежайларда авиациялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мәселелері бойынша вебинар өтті. Кездесуге 18 әуежайдың басшылары, «Атамекен» ҰКП және Азаматтық авиация қауымдастығының өкілдері қатысты. Кеңесте авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қаржыландыру іс-шаралары және әуежайлардағы авиациялық қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі тарифтерін есептеу тетігін өзгерту бойынша ұсыныстар қаралды, ол тарифті тоннажға және жолаушыға бөлуден, сондай-ақ тарифтерді қалыптастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізуден тұрады.
Көптеген әуежайлардың пікіріне сәйкес, ұсынылған шаралар авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттіліктеріне бағытталатын қаржы ресурстарының ұлғаюына ықпал ететін болады. Вебинардың нәтижелері бойынша авиациялық саланың ұлттық реттеушісі елдегі авиациялық қауіпсіздікті дамыту мақсатында алдағы жұмыстың басымдықтары мен міндеттерін анықтады.

Бөлiciңiз: