Бүгін “Эйр Астана” АҚ әуекомпаниясының E290 әуе кемесі Қызылорда-Алматы бағыты бойынша KZR 986 рейсімен ұшу кезінде диспетчерлерге техникалық себептермен Шымкент қаласының қосалқы әуеайлағына қону туралы хабарлады.

Бүгін “Эйр Астана” АҚ әуекомпаниясының E290 әуе кемесі (Эмбраер-190), тіркеу нөмірі P4-KHA, Қызылорда-Алматы бағыты бойынша KZR 986 рейсімен ұшу кезінде диспетчерлерге техникалық себептермен Шымкент қаласының қосалқы әуеайлағына қону туралы хабарлады.

Сағат 17: 51-де әуе кемесі Шымкент қаласының әуежайына сәтті қонды.

Әуе компанияның алдын-ала мәліметтері бойынша техникалық себеп: техникалық бөлікте түтін дабылының іске қосылуы. Ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес әуе кемесінің командирі қосалқы әуеайлаққа бағытталды.

Бөлiciңiз: