Дрондар

Дроны

ЖАДЫНАМА
ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТЫНЫҢ ИЕСІНЕ

 

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339 Қазақстан Республикасының Заңы

1 – баптың 66-1) тармағы: ұшқызсыз ұшу аппараты (бұдан әрі – ҰҰА) - бортында пилотсыз (экипажсыз) ұшуды орындайтын және ұшуда оператор басқару пунктінен автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестіре отырып басқаратын әуе кемесі.


31 бап. Елді мекеннің үстінен ұшу

  1. Қалалардың немесе кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен авариялық жағдайлар, не төтенше жағдайлар туындаған кезде, егер бұл ұшу кезінде қону қажет болса немесе бұған әуе қозғалысын басқару органының рұқсаты берілетін жағдайды қоспағанда, жердегі адамдарға немесе мүлікке аса қауіп төндірмейтін қонуды орындауды қамтамасыз ететін биіктікте әуе кемелерінің ұшуы орындалады.
  2. Әуе кемелерінің үстінен ұшуының тұрақты схемаларын (бағыттарын) белгілеуді қоса алғанда, елді мекендердің үстінен ұшуды келісу тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады.
  3. Күзет іс-шараларын өткізу кезеңінде әуе кемелерінің және ҰҰА-ның елді мекендердің үстінен ұшуы Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.

33 бап. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуы

  1. ҰҰА-ларын пайдалану Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында және ұшқызсыз ұшу аппаратының пайдалану құжаттамасында белгіленген шарттар сақталған кезде адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, мүлікке зақым келтіру (бүлдіру) қауіпін, басқа әуе кемелері үшін қауіпті барынша азайтуға тиіс.
  2. ПҰА-ның пайдаланушылары әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес ҰҰА-ның жоспарланатын ұшуы туралы егжей-тегжейлі деректерді хабарлайды (Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану Қағидалары 5-тарауының 82-тармағын төмендегі мәтін бойынша қараңыз).
  3. ҰҰА-ның күзетілетін объектілердің үстінен ұшуы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.

87 бап. Азаматтық авиация қызметімен байланысты міндетті сақтандыру

Азаматтық авиацияның әуе кемелерінің, басқа да объектілері мен жабдықтарының меншік иелері (иелері) мен пайдаланушылары Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы Заңдарының талаптарына сәйкес өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, оның ішінде жолаушылар мен авиация персоналының алдында, сондай-ақ жүк иесінің немесе жүк жөнелтушінің алдында сақтандыруға міндетті.


«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысы

  1. Адамдардың өмірін құтқару және денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, қылмыстардың жолын кесу және ашу, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды, парашюттен секіруді орындау мақсатында әуе кемелерінің елді мекендер үстімен ұшуы, ҰҰА-ның ұшуы, байланатын аэростаттарды көтеру осындай ұшуларды ұйымдастырушының ұшуды орындау қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, көрсетілген іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ететін биіктікте орындалады.

Адамдардың өмірін құтқару және денсаулығын сақтау, қылмыстардың жолын кесу және оларды ашу жөніндегі іс-шараларға байланысты ұшуларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің күзет іс-шараларын жүргізу шеңберінде орындалатын ұшуларды қоспағанда, белгіленген маршруттардан тыс елді мекендер үстімен ұшуды орындауды келісуді Ұлттық қауіпсіздік органдары және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

Күзет іс-шараларын жүргізу кезеңінде әуе кемелерінің елді мекендер үстімен ұшуы Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен ұшу басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын келісіледі.

  1. Елді мекендердің үстінен авиациялық жұмыстар, парашюттік секірулер, ҰҰА-ның ұшуы, байлаулы аэростаттардың көтерілуі әуе кеңістігін пайдаланушыларда елді мекеннің үстінен ұшуға әуе қозғалысын басқарудың Бас орталығының (ӘҚБ БО) рұқсаты болған кезде және әуе кеңістігін пайдаланушының аумағы шегінде ұшулар жоспарланатын республикалық маңызы бар қаланың және астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын хабардар ете отырып орындалады.

5 тарау. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану шарттары

  1. Ұшу жоспарлары ұсынылған ҰҰА-ның ұшуы көрсетілген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады. Ұшу жоспарлары келесі сілтеме бойынша берілуі мүмкін: websppi.ans.kz.

82-1. Егер жоспарланған ұшудың нақты биіктігі жер бетінен 50 метрден аспаса, ал ұшу маршруты (жоспарланған траектория) әуеайлақ қоршауынан 5,5 км – ден жақын болмаса (қоршау болмаған жағдайда-әуеайлақ шекарасын көрсететін таңбаланған белгілерден 5,5 км-ден жақын болмаса) ҰҰА-ның ұшу жоспары әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына жіберілуге жатпайды.

82-2. ҰҰА-ның, әуе кемелерінің ұшуы орындалады:

1) метеорологиялық минимумды сақтау шартымен G сыныбының әуе кеңістігі шекарасының шегінде (көлденеңінен 1500 метрден кем емес көріну және тігінен 300 метрден кем емес бұлттардың төменгі шекарасы);

2) бақыланатын әуе кеңістігінде (осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көзделген ережелерді қоспағанда) – Қағидалардың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталықтары қысқа мерзімді шектеулер енгізген кезде орындалады.

Қысқа мерзімді шектеулер жер бетінен 50 метр биіктікке дейін созылатын әуе кеңістігінде ҰҰА-ның ұшуын қамтамасыз ету үшін белгіленбейді;

3) диспетчерлік аймақта – жер бетінен 50 метр биіктікке дейін созылатын және әуеайлақ қоршауынан 5,5 км жақын емес әуе кеңістігі (қоршау болмаған жағдайда – авиациялық жұмыстарды және ұшқышсыз ұшу аппараттарында жаппай көрсету ұшуларын (аэрошоу) орындауды қоспағанда, барлық биіктіктерде осындай әуеайлақ орналасқан жауапкершілік аймағында әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен келісілгеннен кейін және осы Қағидалардың 144-тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталықтары қысқа мерзімді шектеулер енгізген жағдайда ғана жүргізіледі.;

4) бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық ұшу аймағында орналасқан:

G класты әуе кеңістігінде – әуеайлақты пайдаланушымен келісім бойынша және әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету органымен үйлестірілгеннен кейін (ол болған кезде);

бақыланатын әуе кеңістігінде орналасқан әуеайлақты пайдаланушымен және жауапкершілік аймағында осындай әуеайлақ орналасқан әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органымен келісу бойынша Қағидалардың 144 – тармағына сәйкес әуе қозғалысын басқару орталықтары қысқа мерзімді шектеулер енгізген жағдайда жүзеге асырылады.

82-3. ҰҰА-ның пайдаланушысы адамдарға немесе меншікке қауіп төндірмеу үшін ҰҰА-дан кез келген жүктерді немесе жануарларды (арнайы парашютсіз) түсіруге жол бермеуі тиіс.

82-4. Әуе қозғалысын басқару орталықтары қысқа мерзімді шектеулерді белгілемеген жағдайларда ҰҰА-ның жауапты пайдаланушы соқтығысуды болдырмау мақсатында ҰҰА-ның басқа әуе кемелеріне, адамдарға, көлік құралдарына, кемелерге және құрылыстарға қатысты траекториясы мен орналасқан жерін бақылау үшін жеткілікті, бөгде адамның көмегінсіз (оның ішінде оптикалық құралдарды пайдаланбай) тікелей көзбен шолып байланыс жасауға тиіс.

82-5. ҰҰА пайдаланылмауы тиіс:

1) ұшу және қону уақытында – кез келген адамнан (ұшқышсыз ұшу аппаратын басқаратын адамды қоспағанда), басқа көлік құралынан, ғимараттан немесе құрылыстан көлденеңінен 50 метр жақын жерде;

2) ұшу кезінде – кез келген адамнан (ұшқышсыз ұшу аппаратын басқаратын адамды қоспағанда), басқа көлік құралынан, ғимараттан немесе құрылыстан көлденеңінен 100 метр жақын жерде;

3) барлық жағдайларда адамдар көп жиналатын жерден және (немесе) көлік құралдарынан көлденеңінен 150 метр жақын болуы тиіс;

4) ұшуға тыйым салынған және қауіпті аймақтарда, ұшуға шектеу қойылған аймақтарда (осындай аймақтарды белгілейтін тұлғалардың мүддесіндегі ұшуларды қоспағанда) жүзеге асырылады. Қолданыстағы шектеулер бойынша ақпаратпен келесі сілтеме бойынша өтіп таныса аласыздар: websppi.ans.kz.

82-6. ҰҰА-ның ұшуын қамтамасыз ету үшін бақыланатын әуе кеңістігінде қысқа мерзімді шектеулер енгізілген кезде оны пайдалану шарттары ескертіледі.


«Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығы (бұдан әрі –Қағидалар)

4 тарау. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын есепке қою тәртібі 

  1. Ең жоғары ұшу массасы 1,5 кг-нан асатын ұшқышсыз ұшу аппараттары есепке алуға жатады.
  2. Ұшқышсыз ұшу аппаратын есепке қойған жағдайда уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 5 (бес) жыл мерзімге немесе жалдау шартының қолданылу мерзіміне пилотсыз ұшу аппаратын есепке қою туралы куәлік береді.
  3. Ұшқышсыз ұшу аппаратын есепке алуды уәкілетті ұйым арнайы журналда жүргізеді. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын есепке алудың есепке алу нөмірлері олардың Ұшқышсыз ұшу аппаратын есепке алу журналындағы реттік нөмірлеріне сәйкес келуі тиіс.

Ұшқышсыз ұшу аппаратын есепке алу тізілімі осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде жүргізіледі. Тиісті қорғалған бағдарламалық өнім болған кезде ұшқышсыз ұшу аппаратын есепке алу тізілімі қайталау мүмкіндігімен электрондық тасығыштарда жүргізіледі. Қағаз және электрондық тасығыштардағы жазбалар арасында сәйкессіздік болған кезде қағаз тасығыштардағы жазбалар басымдыққа ие болады.

  1. Ұшқышсыз ұшу аппаратын есепке қою, сондай-ақ одан шығару мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
  2. Пайдалану мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алатын адамдар уәкілетті ұйымға есепке қою туралы өтініммен мынадай құжаттарды қоса бере отырып жүгінеді:
  • 1) осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
  • 2) құрылтай құжатының көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін);
  • 3) сатып алу-сату шартының көшірмесі немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжат (нотариалды расталған), немесе сот шешімі;
  • 4) жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының көшірмесі, ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану құқығын растайтын өзге де құжат;
  • 5) ұшқышсыз авиациялық жүйе сипаттамаларының сипаттамасы бар дайындаушы құжатының көшірмесі (ең жоғары ұшу массасы, ең жоғары жылдамдық, ұшудың ең жоғары биіктігі, ұшудың ең ұзақ уақыты, басқару арнасы, ұшу қашықтығы, басқару қашықтығы);
  • 6) сыртқы ұшқыштың ұшу аппаратының, қозғалтқышының және станциясының типі мен нөмірі (паспорты));
  • 7) ұшқышсыз ұшу аппаратын әзірлеуші немесе дайындаушы мемлекет берген үлгі сертификатының немесе оған балама құжаттың көшірмесі;
  • 8) ұшқышсыз ұшу аппаратын шет мемлекеттің есебінен шығару туралы куәлік (егер ұшқышсыз ұшу аппараты шет мемлекеттің есебінде тұрған жағдайда);
  • 9) тіркелетін ұшқышсыз ұшу аппаратында әскери және тыңдайтын жабдықтың жоқтығы туралы өтініш берушінің еркін жазбаша нысандағы растамасы қоса беріледі.
  1. Ұшқышсыз ұшу аппаратын есептен шығару кезінде өтініш беруші уәкілетті ұйымға ұсынады:
  • 1) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшқышсыз ұшу аппаратын есептен шығаруға өтінім;
  • 2) құрылтай құжатының көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін);
  • 3) сатып алу-сату шартының көшірмесі немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжат (нотариалды расталған), немесе сот шешімі;
  • 4) жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының көшірмесі, ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану құқығын растайтын өзге де құжат;
  • 5) ұшқышсыз ұшу аппаратын есепке қою туралы куәліктің түпнұсқасы.
  1. Ұсынылған құжаттар сәйкес келген кезде Уәкілетті ұйым өтініш берушіге осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес есептен ұшқышсыз ұшу аппаратын алып тастау туралы куәлік береді.
  2. Ұшқышсыз ұшу аппаратын есепке қоюдан бас тарту үшін негіздер болып табылады:
  • 1) өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
  • 2) өтініш берушінің және (немесе) есепке қою туралы куәлікті беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің тиісінше осы Қағидалардың 64-тармағында белгіленетін шарттарға сәйкес келмеуі;
  • 3) өтініш берушіге қатысты авиациялық қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
  • 4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші есепке қою туралы куәлікті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.
  • Есепке қою туралы куәлікті беруден бас тарту өтінім келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде жүзеге асырылады.
  1. Анықталған кемшіліктер жойылған кезде өтініш беруші ұшқышсыз ұшу аппаратын есепке қою үшін уәкілетті ұйымға қайта жүгінеді.

«Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіпімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 580 Қазақстан Республикасының Заңы

3 бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіпімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі.

Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (бұдан әрі - объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру) объектісі иесінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактор келтірген зиянды өтеу міндетіне байланысты үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.


«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ кодексі

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін және ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін иелері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексінде көзделген жауаптылықта болады.