Халықаралық рейстер бойынша ақпарат

2022 жылғы 12 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласынан/қаласына Мәскеу, Дубаи, Франкфурт, Стамбул, Кутаиси, Ташкент, Пхукет, Гоа, Санкт-Петербург, Коломбо, Бішкек, Мале, Омбы, Тбилиси қалаларына/қалаларынан 36 халықаралық рейсті орындау жоспарланып, Красноярск қаласынан/қаласына 2 рейс тоқтатылды.

Ақтау, Шымкент, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларынан/қалаларына Үргеніш, Нөкіс, Амстердам, Ыстамбұл, Шарджа, Пхукет, Мәскеу қалаларына/қалаларынан, Алматы, Ақтау, Түркістан қалаларынан Ыстамбұл, Дубаи, Сеул, Минск, Кувейт, Калининград, Душанбе, Мәскеу, Үргеніш қалаларына/қалаларынан 18 халықаралық рейс орындау жоспарланып отыр.

ҚР бойынша барлығы 54 рейсті орындау жоспарланып, 22 рейс тоқтатылды.

"Lufthansa" және "Turkish Airlines" әуе компанияларының рейстерін қоспағанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы халықаралық әуе қатынасы толығымен қалпына келтірілді. "Turkish Airlines" әуе компаниясы а. ж. 13 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтан қаласына ұшуды қайта бастауды жоспарлап отыр.


Бөлiciңiз: