ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында келесі жұмыстарды жүргізілді.

ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында келесі жұмыстарды жүргізілді.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, 

бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулықтарды орындамауына байланысты  «Бек Эйр» әуе компаниясының пайдаланушы сертификаты кері қайтарылды;

Қазақстан Республикасы және ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымы заңнамасының талаптарын орындамауына байланысты «Azee Air» ЖШС және «Sigma Airlines» ЖШС әуекомпанияларының пайдаланушы сертификаттары уақытша тоқтатылды.

Тиімсіз іске асырылған құқық нормаларын анықтау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру арқылы заңнаманың тиімділігін бағалау және болжау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осы мақсатта жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемелерін тіркеуге және оларды кейін бақылауға арналған қосымша шарттар анықталды, олар  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасына енгізілген

(Заңды қабылдаудың күтілетін мерзімі  2020 жылдың 4 тоқсаны).

ИКАО-ға мүше мемлекеттерде ұшу қауіпсіздігін бақылау деңгейі ИКАО аудитінің нәтижелері бойынша анықталады (аудит немесе валидациялық миссия).

Алдын ала ақпарат бойынша, Қазақстанда ИКАО аудиті 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында болады деп күтілуде.

Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі саласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын тиімді енгізу деңгейін арттыру үшін “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасы әзірленді (Заңды қабылдаудың күтілетін мерзімі 2021 жылдың 4 тоқсаны).

Бөлiciңiз: