Кәмелетке толмаған жолаушылардытасымалдау ережелері

Жолаушылар кәмелетке толмаған жолаушылардың қалай және қандай жағдайларда тасымалданатыны туралы ақпараттың жетіспеушілігіне жиі тап болады.

Осыған байланысты "Қазақстанныңавиациялық әкімшілігі" АҚ кәмелетке толмағанеріп жүретін жолаушыларды тасымалдау ережелері, сондай -ақ оларды тасымалдау бойыншақызметтерді көрсету тарифтері туралы жиынтықақпарат пен жалпы ұсынымдар жариялайды.

Кәмелетке толмаған жолаушылар кәмелеткетолған жолаушылардың бірге ілесіп жүруімен де және оларсыз да тасымалданады.

Еріп жүретін адамдары жоқ кәмелетке толмағанжолаушыларды әуе компания тасымалдауға ата-аналарының (асырап алушыларының) немесеқамқоршыларының жазбаша өтінішінен кейін ғанақабылдайды. Ерiп жүретiн адамдары жоқ кәмелеткетолмаған жолаушылар ретiнде ішкі жәнехалықаралық рейстерде жасы 6-дан 16-ға дейiнгiата-аналарсыз және жолаушылардың бiрiне сенiптапсырылмаған балалар тасымалданады. Еріп жүретiн адамдары жоқ кәмелетке толмаған жолаушылар сағат 23-тен таңғы 6-ға дейінгі уақытта тасымалдануға қабылданбайды.

Халықаралық рейсте кәмелетке толған бiр жолаушыға еріп жүретін 2 жастан 12 жасқа дейiнгi әрбiр баланы тасымалдау үшiн ерiп жүретiн кәмелетке толған жолаушының тиiстi немесе арнайы тарифiнiң 50 пайызы төленедi. Ішкi рейстерде жолаушымен бiрге ұшатын 2-ден 15 жасқа дейiнгi басқа балалар толық тарифтiң 50 пайызы төленген билеттер бойынша тасымалданады.

Жеке орын алмайтын және кәмелетке толған жолаушымен еріп жүретiн 2 жасқа дейінгі біркәмелетке толмаған жолаушыны ішкі жәнехалықаралық рейстерде тасымалдау үшін ақы алынбайды.

Бөлiciңiз: