Qazaq Air әуекомпаниясының ұшақтарымен орын алған оқыс оқиғалар туралы ақпарат

12 ақпан күні  Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.20-да Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы QAZ427 рейсі ұшағымен авиациялық оқиға орын алды. Ұшақтың алдыңғы шасси тысының жарылуына байланысты әуе кемесінің ұшуы тоқтатылды. Ұшақтың жүгіріс ұзақтығы  700 метрді құрады. Әуе кемесі тұраққа тіркеп сүйретілді.

13 ақпан күні  сағат 08.12-де Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы QAZ353 тұрақты рейсін орындаған Qazaq Air әуекомпаниясының басқа әуе кемесінің қонуынан кейін, ұшақ шассидің оң тіреуінің екі пневматикасының бұзылуы анықталды. Ұшақтағы барлық жолаушылар эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ.

Аталған авиациялық оқиғалар бойынша ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тарапынан тексерулер жүргізілетін болады.

Бөлiciңiз: