Тасымалдау департаменті

Әуе көлік тасымалы

Тасымалдау департаменті қызметінің мақсаты жолаушыларға, багажға, жүкке және поштаға қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының әуежайларында жекелеген қызмет түрлерінің қол жетімділігін бақылау, сондай-ақ Тасымалдау департаментінің желісі бойынша авиатасымалдау ережелерін регламенттейтін құжаттарды бақылау болып табылады.

Миссиямыз:

Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға, багажға, жүкке және поштаға қызмет көрсету сапасының жоғары стандарттарымен қамтамасыз ету.

Міндеттеріміз:

  1. Авиациялық тасымалдарды және азаматтық авиация қызметін реттеу мәселелерін реттейтін нормативтік - құқықтық актілерді дайындауға қатысу;
  2. Азаматтық авиация қызметін дамыту мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалық актілерді жетілдіру бойынша өзгерістер мен ұсыныстар енгізу;
  3. Авиатасымалдарды үйлестіру және жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыру;
  4. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру;
  5. Қазақстан Республикасының әуежайларында қызмет көрсету сапасы мен қол жетімділігі туралы жолаушылардың сұраныстарына уақытылы жауап беру;
  6. Қазақстан Республикасының әуежайларында қызметтердің қолжетімділігі мәселелері бойынша шаралар қабылдау;
  7. «e-Freight» ақпараттық жүйенің мониторингі және әкімшілендіру;
  8. Жолаушыларға қызмет көрсету саласында озық және инновациялық технологияларды енгізу (өздігінен тіркеу, багажды тіркеу, мобильдік қосымшалар).

 

Функцияларымыз:

  1. Жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, поштаны және жүктерді өңдеу технологиясын жетілдіру және жетілдіру бойынша шаралар қабылдау;
  2. Тасымалдау департаментінің қызметіне байланысты жолаушылардан, жүк және почта жөнелтушілері мен алушылардан шағымдар мен наразылықтарды қарастыру;
  3. Қазақстан Республикасының әуе тасымалдаушыларының және шетелдік авиатасымалдаушылардың әуе қатынасын орындау кезінде қойылатын талаптарға сәйкестігін бақылау және қадағалау;
  4. Әкімшіліктің құрылымдық департаменттерінің құрамында сертификаттық тексеру, іріктеп және жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында қатысу;
  5. Тасымалдау департаментінің құзыретіне кіретін АОО (авиациялық оқу орталығы) бағдарламаларын тексеру барысында қатысу;
  6. Тасымалдау департаментінің қызметіне қатысты мәселелер бойынша Халықаралық Азаматтық авиация ұйымымен (ИКАО) және халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (ИАТА) өзара ынтымақтастық;
  7. Департаменттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасына/нан ұшуларды орындайтын шетелдік және қазақстандық авиакомпаниялармен өзара ынтымақтастық;
  8. «е-Freight» жүйесіндегі жүктер туралы ақпараттың сапалы және уақтылы берілуін бақылауды жүзеге асыру;
  9. «е-Freight» жүйесінің халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының ішкі нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру.

Тасымалдау департаменті жолаушыларға, багаж, жүк және пошта қызмет көрсету мәдениеті мен сапасын дамытуына Қазақстан Республикасының әуежайларымен де, сондай-ақ өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын отандық және халықаралық авиакомпаниялармен де ынтымақтастық жолында болуға дайын.

 

Әуежайлардағы қызметтердің қол жетімділігі және жолаушыларға қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелер бойынша (оның ішінде жолаушылар, жүк жөнелтушілер мен жүк және почта алушылардан Тасымалдау департаментінің қызметіне байланысты шағымдар) сіздің хаттарыңызды cc@caakz.com электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз.