Медициналық қамтамасыз ету

Медициналық қамтамасыз ету

Авиация персоналына қойылатын медициналық талаптар

Ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация ұйымдарында және авиакомпанияларында ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз етуге тұрақты қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады.

Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, біз оқуға түсетін және ұшқышқа оқитын адамдарға, кәсіби ұшу экипажына, жеке ұшқыштарға, авиадиспетчерлерге және бортсеріктерге медициналық куәландырудан өту кезінде қойылатын медициналық талаптарды реттейміз. Медициналық тексеруден өту үшін авиациялық медициналық орталыққа (бұдан әрі - АМО) жүгіну қажет.

  1. Алматы қ. "Қазаэронавигация" РМК АМО
  2. Нур-Султан қ. АМО ТОО "Aero Park "

Медициналық куәландыруды өту үшін өтініш беруші медициналық сертификат алуға және/немесе ұзарту туралы өтінішті толтырады. Қол қойылған өтініште белгілі және ұшуды орындауға қауіп төндіретін ауруды жасыруды көздейтін күмәнді деректер анықталған жағдайда, авиациялық медициналық сарапшы сарапшы өтініш берушінің көзінше өтініштің түпнұсқасын ілеспе хатпен бірге уәкілетті ұйымға материалдарды беру үшін уәкілетті органға әкімшілік шаралар қабылдау үшін жібереді.

Медициналық куәландырудан өткеннен кейін беріледі медициналық сертификат берушінің денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға өтініш берушінің сәйкестігін растайтын және кәсіби қызметке рұқсатты қамтамасыз ететін медициналық куәландырудың  берілетін белгіленген үлгідегі құжат:

  • пилотқа даярлау бойынша оқуға түсушілер және оқитын тұлғалар; пилоттар - "1-кластық медициналық сертификат" беріледі;
  • бортинженерлер, бортмеханиктер, штурмандар; жеке пилоттар; бортрадистер, бортсеріктер;бортоператорлар - "2-кластық медициналық сертификат" беріледі;
  • авиадиспетчерлер және авиадиспетчерлерді даярлау бойынша оқуға түсушілер және оқитын тұлғалар - "3-кластық медициналық сертификат" беріледі;
  • ЖАЖА пилоттары - " ЖАЖА -кластық медициналық сертификат" беріледі;

 

Мынадай денсаулық жарамдылығын төмендетуші факторлар болған кезде:

  • оған хирургиялық ота немесе инвазивтік процедура өткізілсе;
  • қандай-да бір дәрілік препаратты тұрақты қабылдау тағайындалса;
  • авиациялық персонал куәлігіне (бұдан әрі – куәлік) сәйкес кәсіби міндеттерін атқаруға қабілетсіздікті туғызатын айтарлықтай жарақаттар алса;
  • тиісті куәлігіне сәйкес кәсіби міндеттерін атқаруға қабілетсіздікті туғызатын ауруға шалдықса;
  • жүктілік және босану жағдайында;
  • ауруханаға жатқызылса;
  • алғаш рет түзетуші линза тағайындалса, куәлік иелері сарапшыға кідірусіз ішінде хабарлайды.
  • а) туа біткен немесе жүре пайда болған ауытқулар;
  • б) белсенді, жасырын, жіті немесе созылмалы ауру немесе жұмысқа қабілетсіздік;
  • в) жара, зақымдану немесе операцияның салдары;
  • г)функционалдық еңбекке қабілетсіздік дәрежесін туындатуы мүмкін, бұл куәлік құқықтарын қауіпсіз жүзеге асыруды бұзуға әкеп соғуы мүмкін емдік, диагностикалық немесе профилактикалық мақсатта тағайындалған немесе тағайындалмаған дәрілік препаратты қолданудың әсері немесе жанама әсері.
  1. медициналық сертификат алуға өтініш;
  2. бұйрықпен бекітілген №027/у нысанындағы "Амбулаторлық, стационарлық аурудың медициналық картасынан үзінді" амбулаторлық картадан үзінді;
  3. психиатриялық, наркологиялық қараудан өту туралы анықтама;
  4. әскерге шақырылғанға дейінгі жастағы тұлғаларды немесе шетел азаматтарын қоспағанда әскери билет немесе тіркелу куәлігі.
  1. 1-кластық медициналық сертификат бастапқы алған күннен бастап 12 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды;
  2. осы Қағидалардың 9-тармағының 3) тармақшасына қатысты тұлғаларға 2-кластық медициналық сертификат бастапқы алған күнінен бастап 12 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды;
  3. осы Қағидалардың 9-тармағының 4) және 5) тармақшаларына қатысты тұлғаларға 2-кластық медициналық сертификат бастапқы алған күнінен бастап 60 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап және 40 жасқа толғанша жарамды; 40-49 жасында медициналық сертификат бастапқы алған күнінен бастап 24 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды; 50 жасқа толғаннан кейін медициналық сертификат бастапқы алған күнінен баста 12 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды;
  4. осы Қағидалардың 9-тармағының 6) тармақшасына қатысты тұлғаларға 2-кластық медициналық сертификат бастапқы алған күнінен бастап 60 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды;
  5. осы Қағидалардың 9-тармағының 7) тармақшасына қатысты тұлғаларға 3-кластық медициналық сертификат бастапқы алған күнінен бастап 24 ай бойы 50 жасқа толғанға дейін немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды; медициналық сертификат 50 жасқа толғаннан кейін бастапқы алған күнінен бастап 12 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды;
  6. осы Қағидалардың 9-тармағының 8) тармақшасына жататын тұлғаларға ЖАЖА медициналық сертфикаты бастапқы алған күнінен бастап 40 жасқа толғанға дейін 60 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды; 40-49 жаста медициналық сертификат бастапқы алған күнінен бастап 24 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды; 50 жасқа толғаннан кейін медициналық сертификат бастапқы алған күнінен бастап 12 ай бойы немесе алдыңғы медициналық сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап жарамды.
  1-класты медициналық сертификат 2, 3-класты және ЖАЖА медициналық сертификатқа қолданылады. Медициналық сертификаты жоқ немесе медициналық сертификатының қолданылу мерзімі өткен куәлік иесі қызметтік міндеттерін орындауға жіберілмейді.

Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау

  • Біз сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтардың (бұдан әрі-АМО) бекітілуін және тұрақты сертификатталуын қадағалаймыз.
  • Авиациялық медициналық орталық құрамына уәкілетті ұйымның қызметшілері, сондай-ақ мамандар, консультанттар және/немесе тәуелсіз сарапшылар кіретін комиссия сертификаттық тексеруден өткеннен кейін Азаматтық авиация саласындағы медициналық куәландыруды жүзеге асырады.
  • Өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкес келетін және сертификаттық тексеру кезінде анықталған сәйкес келмеушіліктерді түзеткен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат береді.
  • Сертификат Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан АМО-ға үш жылға беріледі және басқаға берілуге жатпайды.
  1. медициналық қызметті көрсетуге лицензиясының болуы (амбулаториялық емханалық көмек, еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсіби жарамдылық сараптамасы);
  2. медициналық куәландыру өткізуге қажетті нормативтік құқықтық және әдістемелік құжаттарының болуы;
  3. қатерлерді кезеңдік бағалап және оларды басқару жолымен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқару жүйесінің болуы;
  4. меншік, жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығындағы үй-жай немесе ғимараты болуы;
  5. үй-жайдың немесе ғимараттың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізіліміінде № 15760 болып тіркелген) бекітілген "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына және өртке қарсы қауіпсіздігіне сәйкес болуы;
  6. осы сертификаттық талаптарға 1-қосымшаға сәйкес Авиациялық медициналық орталықтардың ең төменгі медициналық құрал-жабдық тізбесінен кем емес медициналық құрал-жабдықтары мен медициналық бұйымдарының болуы;
  7. функциональды диагностика кабинеті (бөлімшесі) мен клиникалық-диагностикалық зертханасының болуы;
  8. функциональды диагностика кабинеті (бөлімшесі) мен клиникалық-диагностикалық зертханасында осы сертификаттық талаптарға 1-қосымшаға сәйкес Авиациялық медициналық орталықтардың ең төменгі медициналық құрал-жабдық тізбесінен кем емес медициналық құрал-жабдықтары мен медициналық бұйымдарының болуы;
  9. медициналық куәландыру мақсатында өткізілген зерттеулер бойынша тіркеу-есепке алу құжаттамасының болуы;
  10. АМО штатында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Авиациялық медициналық орталықтарға ең төменгі штаттық нормативінен кем емес медициналық мамандары мен әкімгер қызметкерлері болуы;
  11. уәкілетті ұйымға және басқа АМО және АМС (қажет болса) ақпарат беру жүйесі болуы;
  12. үй-жай немесе ғимаратты қорғаныс заттарымен қамтамасыз ету (металл сейфтері, дабыл жүйесі).

Медициналық қызметкерлерге арналған нұсқаулық

  • Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығы «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы»;
  • Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығы «Азаматтық авицияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бектіу туралы»;
  • Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 344 бұйрығы «Авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындау қағидаларын бекіту туралы»;
  • Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығы «Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы».

 

Ұшақ бортында және әуежайда медициналық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Жолаушыларға әуе кемесінің бортында және әуежай аумағында болған кезде медициналық көмек көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығымен регламенттелген азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларында айқындалады.

Әуе кемесінің бортында дәрігерге дейінгі медициналық көмек, сондай-ақ жолаушылар арасында медицина қызметкері болған кезде білікті медициналық көмек көрсетіледі. Медициналық көмек көрсету кезінде, оның ішінде шетелдік авиажолаушыларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен медициналық заттар мен медициналық бұйымдарды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тексеруден және тіркеуден өтпеген медициналық өлшеу құралдарын қолдануға, сондай-ақ науқастың қолындағы медициналық заттар мен медициналық бұйымдарды медициналық қызметкердің тағайындауынан басқа жағдайларды қоспағанда пайдалануға рұқсат етілмейді.

Әуе кемесінің бортындағы емдік дәрі-дәрмектер пайдаланылатын дәрігерге дейінгі медициналық көмек тиісті даярлықтан өткен әуе кемесінің кабиналық экипажы мүшелері немесе әуе кемесінде кабиналық экипажы қаралмаған кезде ұшу экипажы мүшелерімен көрсетіледі. Білікті медициналық көмек көрсету үшін дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығы қолданылады, ал қажет болған кезде медициналық көмек жиынтығы қолданылады.

Әуе кемесінің командирі ұшуды жалғастыру авиажолаушының денсаулық жағдайына қауіпті деп санаған жағдайда шұғыл қонуды жүзеге асырады.

Медициналық көмек жиынтығын әуе кемесінің бортындағы медициналық білімі бар жолаушы, не болмаса, аға бортсерік (не ауызша, не жазбаша немесе қашықтықтан) медициналық қызметкерден ұсыныс/кеңес алғаннан кейін қолданады.

Егер экипаж мүшелерінде немесе жолаушыларда ұшу алдында инфекциялық және паразитарлық аурулардың белгісі бар болса, олар әуе кемесі бортына жіберілмейді.

Зақымданған аудандары бар елдерге ұшатын әуе кемелері қорғану киімдерімен, қажетті медициналық жабдықпен, емдік және профилактикалық дәрі-дәрмектермен, дезинфекциялайтын, дезинсекциялайтын құралдармен және ратицидтермен жарақталады.

Әуе кемесінің бортында науқас анықталған, жолаушы/экипаж мүшесі қайтыс болған, инфекциялық ауруларға, карантиндік инфекцияларға, контагиозды вирустық геморрагиялық қызбаларға, безгекке және халықаралық маңызы бар этиологиясы белгісіз инфекциялық ауруларға күдікті болған жағдайларда әмбебап жиынтықты пайдалана отырып, алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.

Жолаушы медпунктке медициналық көмекке жүгінген кезде:

  1. медициналық тексеру жүргізеді, алдын ала диагноз қояды және қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетіледі;
  2. науқасты қысқа мерзімді бақылау үшін оны медпунктте қалдырады; ал аурудың алдан ала диагнозын қою қиын болған жағдайда медициналық ұйымнан кеңес алады;
  3. медициналық көрсетімдер бар болған кезде медициналық жедел жәрдем бригадасын шақырады және/немесе ауруханаға жатуға жібереді;
  4. әуе көлігін пайдалануға қарсы көрсетімдер бар болған кезде науқас авиажолаушыны ұшудан шеттетіп, оған ұшудан шеттетілгендігі туралы анықтама береді;
  5. тасымалдау ұйымдастыру қызметінің диспетчеріне ұшудан шеттетілген авиажолаушы туралы ақпарат береді және оны жолаушылардың медициналық көмекке жүгіну журналына жазады, осы ретте оның қайда кеткендігін міндетті түрде жазады.

 

Әуежайдың аумағында авиациялық оқиға туындаған кезде медпункттің медициналық қызметкерлері авариялық құтқару жұмыстарына авариялық-құтқару командасының құрамында қатысады.