Ұшу қауіпсіздігін талдау

Ұшу қауіпсіздігін талдау және сапаны қамтамасыз ету

Ұшу қауіпсіздігін талдау және сапаны қамтамасыз ету департаменті бірінші кезекте "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ аясында ұшу қауіпсіздігі мен сапаны басқаруға және азаматтық авиация саласындағы пайдалану тәуекелдеріне қатысты барлық сұрақтарға жауап береді.
Департаменттің мақсаты ИКАО талаптарына сәйкес Қазақстанда азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қадағалау және басқару болып табылады.

Департамент келесі функцияларды орындайды:

  • Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес ұшу қауіпсіздігін қадағалау жүйесін әзірлейді және қолдайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 қаулысы)
  • "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-дағы процестердің сапасын қамтамасыз етуді қадағалайды
  • Бүкіл әуе компаниялар бойынша ұшу қауіпсіздігін қадағалау процестеріне бағалау жүргізеді
  • Деректерді жинау және талдау арқылы қауіп факторларын төмендету бойынша алдын алу шараларын әзірлейді және қолданады
  • Азаматтық авиация саласы қызметінің нәтижелері негізінде қауіп-қатер факторларын анықтау және талдау үздіксіз процесін орындайды
  • Операциялық тәуекелдерді болдырмау, жою және төмендету бойынша стратегиялық жоспарды жүзеге асырады
  • Тәуекел факторларын төмендету бойынша шаралардың орындалуын қадағалайды және бақылайды
  • Тәуекелдердің электронды дерекқорын жүргізеді
  • Азаматтық авиация саласына және бас директорға ұшу қауіпсіздігі бойынша мерзімді баяндамаларды ұсынады
  • Ұшу қауіпсіздігі саласындағы оқиғалар туралы есеп беру жүйесін енгізеді
  • Авиациялық инциденттерді тексеруге қатысады
  • Ұшу қауіпсіздігіне байланысты зерттеулер жүргізеді
  • Қауіпсіздіктің оң мәдениетін, оның ішінде қасақана және байқаусыздықтан болған бұзушылықты ажыратуға бағытталған әділ есеп беру мәдениетін дамытады. Азаматтық авиация мен саласы мен ұйымдарының барлық деңгейлерінде әділ мәдениет қағидаларын қолданады
  • Ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен байланысты үйлестіреді.