Сочиге әуе рейстері ашылады

Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы 2022 жылдың 15 қаңтарынан бастап Нұр-Сұлтан - Сочи бағытында аптасына 1 рейс, сенбі күндері ұшуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ 2022 жылғы 18 қаңтардан бастап Алматы-Сочи бағытында аптасына 1 рейс Б737/А321 әуе кемелерімен ұша бастайды.
Нұр-Сұлтан-Сочи және Алматы-Сочи бағыттары бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруге Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Ресей Федерациясының аумағына жаңа коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі жедел штабтың шешімдеріне сәйкес рұқсат етіледі
Рейстер санын одан әрі арттыру эпидемиологиялық жағдайға және ҚР ведомствоаралық комиссиясы мен РФ жедел штабының тиісті шешімдеріне байланысты болады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Бөлiciңiз: