Turkistan International Airport: барлығы жоспар бойынша

Бас директор Питер Гриффитс бастаған «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ қызметкерлері болашақ Түркістан халықаралық әуежайының құрылыс алаңында болып, терминал кешенінің, жасанды ұшу-қону жолағының және әуеайлақ инфрақұрылымының құрылыс барысымен танысты.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары өндіріс жоспарына сәйкес жүргізілуде.  Жасанды ұшу-қону жолағында асфальтбетон жабынының 4-қабатын төсеу жұмыстары аяқталды. Терминал ғимаратында өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, мердігерлік ұйым әуежай қызметі үшін арнайы техниканы сатып алу үстінде.
Жұмыс сапары барысында мердігерлік ұйымның, «Казаэронавигация» РМК, жобалау ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесуде Питер Гриффитс аэродромды пайдалануға беру үшін сертификаттау тәртібі туралы хабардар етті, сондай-ақ проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары қаралды.    «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жобаны толығымен аяқтауға және Түркістан қаласының халықаралық әуежайын пайдалануға беру үшін көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
«Түркістан халықаралық әуежайының құрылысы» жобасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылады.  «YDA» түрік компаниясы жеке серіктес болып табылады.
Болашақ әуежайдың негізгі параметрлері:
Әуеайлақтың жалпы ауданы – 290,7175 га
Ұшу-қону жолағы 3300*45 метр.
Тұрақ орындары – В-747 типті ұшақтар үшін 7 және т.б.
ICAO CAT I сәйкес келетін жарық сигнал жабдығы
Аэровокзал кешені: өткізу мүмкіндігі – сағатына 450 жолаушы, екі телескопиялық басқыш;
Жоба аясында аэродромдық объектілерден бөлек (ұшу-қону жолағы, жермен жүру жолдары, перрон) қажетті инфрақұрылымдар: жанармай құю кешені, авариялық-құтқару станциясы, сервистік-техникалық аумағының объектілері, периметр қоршауының бойындағы патрульдік жол және әуежайдың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін басқа да объектілер салу көзделген.

Бөлiciңiз: