Жүкті әйелдерді тасымалдау ережелері

Жүкті әйелдерге қызмет көрсету ережелері мәселелеріне қоғамның қызығушылығына байланысты «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ осы тақырыпты қамтиды және жолаушылардың осы санаты үшін жалпы ұсынымдарды жариялайды.

Әуе компания жүкті әйелді, егер жүктілік мерзімі 34 аптаға дейін (бір ұрықты жүктілік кезінде), ал көп ұрықты жүктілік кезінде – 32 аптадан артық емес мерзімді құраса, күтілетін туу мерзімі бойынша есептелетін, жүктіліктің 22 аптасынан кейін әуе компанияға ұсынылатын жүктілік мерзімі мен денсаулығының жай-күйі туралы анықтамамен расталуы тиіс денсаулығының жай-күйі қанағаттанарлық болған жағдайда әуе көлігінде тасымалдауға қабылдайды.

Бір ұрықты жүктілік кезінде жүктілік мерзімі 34 аптадан асатын, ал көп ұрықты жүктілік кезінде - 32 аптадан аспайтын жүкті әйелдер өзінің денсаулығының жай-күйі туралы №026/у нысандағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын ұсынуы тиіс, ол тасымалдау басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен ерте емес мерзімде медициналық ұйымның ресімдеуімен рұқсат етіледі.

Әуе компания дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда да, егер туу мерзімі жақындағы 7 күнде күтілетін болса, жүкті әйелдерді тасымалдаудан бас тартады.

Жаңа босанған әйелді және алғашқы күнтізбелік 7 күн ішінде жаңа туған нәрестені тасымалдау рұқсат етілмейді  

Жүктілік 22 аптадан асатын болса, әуе компанияға тасымалдау басталғанға дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей жағдайыңыз туралы хабарлауыңыз керек. Әуе компания көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, егер тасымалдауды орындауды қамтамасыз ету мүмкін болмаса, жолаушыны 24 сағат ішінде тасымалдаудан бас тарту туралы хабардар етеді.

Бөлiciңiз: