СOVID-19

СOVID-19

Құрметті жолаушылар!

Әуе көлігімен COVID-19 таралу қаупін азайту және авиажолаушылар мен авиация персоналының денсаулығын қорғау мақсатында температурасы жоғары адамдар немесе ауру белгілері бар адамдар (жөтел, ентігу, тыныс алудың қиындауы) анықталған кезде олар әуежай ғимаратына, демек, әуе кемесінің бортына жіберілмейді. Көрсетілген авиажолаушылар кейіннен карантиндеумен оқшауланады. 

* Қарсы алушылар мен шығарып салушылар енді терминалдарға кіре алмайды.

* Ауру белгілері бар немесе белгіленген гигиена ережелерін бұзған жолаушылар терминалға кіруден немесе ұшаққа отырудан бас тартуы мүмкін.

* Әуежайға кіре берісте жолаушылар мен қызметкерлерде температурасы 38°C-тан асатын адамдар қосымша бақылауға жіберілуі мүмкін байланыссыз термометрия ұйымдастырылады.

* Адамдар арасында 1,5 метр қашықтық сақталуы керек. Күту залындағы еденге және орындықтарға қашықтықты анықтау үшін арнайы белгілер қойылады.

* Бетперде кию терминалға кіргеннен кейін, ұшақта және межелі жерге ұшқаннан кейін әуежайдан шыққанға дейін ұсынылады. (Ерекшелік тек 6 жасқа дейінгі балалар мен денсаулығына байланысты бетперде кие алмайтын ересектер үшін жасалады).

* Жолаушылармен қарым — қатынас жасайтын персоналда қосымша қолғап, ал авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері бетінде қорғайтын мөлдір экрандар болуы керек.

* Кіреберісте, холлдарда, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.   

2020 ж. 6 қазанынан бастап Қазақстанға шетелден келетін барлық жолаушылар термометриядан,  өтеді және коронавирустың жоғын растайтын жарамды ПТР анықтамасы болуы керек. Анықтама жарамды болып саналуы үшін, ол материал жиналған сәттен бастап Қазақстанның шекарасын өтуге дейінгі  3 күн ішінде берілуі қажет.

Жолаушыда сертификат бар болмаған жағдайда:

• Шетел азаматтары Анықтама болмаған жағдайда шексрадан жіберілмейді.
• Қазақстан азаматтары Қазақстанға келісімен ауруханаға екі күндік карантинге орналастырып, COVID-19 ПТР анализін тапсырады.

Шетелден Қазақстанға ұшып келуші жолаушылардың үкіметтің санитарлы-карантиндық талаптарымен таныс болуы міндетті.

Дене қызуы жоғары келген адамдар анықтаманың болуына қарамастан COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады.

COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационардың карантиндік изоляторына жатқызылады.

COVID-19 кезінде әлем бойынша саяхаттау ережелерінің интерактивті картасы (IATA)

Қазақстандағы қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін:

Коронавирустық инфекциямен күресте қабылданатын шаралар бойынша бірыңғай Ресми сайт -  coronavirus2020.kz 

Қауіпсіздік хабарламаларын алу және төтенше жағдайда Сізді анықтауды жеңілдету үшін Smart Traveler (STEP) тіркеу бағдарламасына тіркеліңіз.

 COVID-19 туралы жалпы ақпарат алу үшін CDC веб-сайтын қараңыз, оның ішінде covid-19 туралы саяхатшыларға арналған ақпарат бар.

Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге шығу мүмкіндіктері немесе шет елдердің тарапынан қойылған шектеулер туралы ақпарат

g3

travel-kz