Стратегиялық даму және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл департаменті

Стратегиялық даму және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл департаменті

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" стратегиялық даму және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл департаменті Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, Еуропалық одақтың Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі агенттігі, халықаралық әуе кеңістігі ұйымы, Ұлыбританияның ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Азаматтық Авиация Ұйымы сияқты ұйымдармен тұрақты ынтымақтастық жасау бойынша жұмыс істейді.

Департаменттің негізгі міндеттері:
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қызметін стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау және орындау;
Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне талдау, жоспарлау және болжаудың озық әдістерін енгізуді қамтамасыз ету;
 Азаматтық авиация саласындағы жобаларды жылжыту және енгізу.

Департаменттің бекітілген өкілеттіктері шеңберінде қойылған міндеттерді шешу үшін келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеу жөніндегі және азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік бағдарламалар жобаларына, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің стратегиялық және операциялық жоспарына ұсыныстар әзірлеу жөніндегі, сондай-ақ олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау және орындау;
  • Азаматтық авиацияны Стратегиялық жоспарлау және дамыту саласындағы азаматтық авиация субъектілерімен өзара іс-қимыл;
  • Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерді әзірлеуге және оларды жаңартуға қатысу;
  • Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметін регламенттейтін құжаттарды әзірлеуге қатысу; Стратегиялық жоспарлау мәселелері бойынша азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілер;
  • Қазақстан аумағында тақырып бойынша шетелдік ұйымдардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ шетелдік серіктестердің қатысуымен өтетін іс-шараларға ААК қызметкерлерінің қатысуын үйлестіру және дайындауға жәрдемдесу.

 

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық қауіпсіздік саласындағы көпжақты, оның ішінде келесі жасалған халықаралық шарттардың қатысушысы болып табылады:

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО)

· Еуропалық Одақтың Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі агенттігі (EASA)

· Халықаралық әуе кеңістігі ұйымы (ИАТА)

· Ұлыбританияның Азаматтық авиация ұйымы (UK CAA)

 

Қазақстан мен Еуропалық азаматтық авиация конференциясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім

Бермуд аралдарының азаматтық авиация агенттігі мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі арасындағы арасындағы келісім

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен Арубаның көлік, коммуникациялар министрлігі мен бастапқы секторының Азаматтық авиация департаменті арасындағы қадағалау жөніндегі функциялар мен міндеттерді беру туралы келісім